Назарбаев пен Құлыбаев Испаниядағы вилласының жанынан адамдар жүретін жолды жауып тастаған: даулы соттың нүктесі қойылды
- авторМағжан Орынбасар
- 26 наурыз, 2024
- 2.4k
Назарбаевтың күйеу баласына қатысты шағымдар оның Каталонияда жер учаскесін сатып алғаннан кейін үдей түскен. Осылайша Құлыбаев компаниясымен сот ісін жүргізу 2009 жылдан бері жалғасып келеді. Шиеленіс 2012 жылы ширыға түскен. Ол кезде көрікті орында ауқымды құрылыс басталған. Сондықтан жергілікті тұрғындар бұған дейін емін-еркін жүрген аумаққа күзет қойылып, меншік иелері тұрғындарды дауыс зорайтқышпен қорқытуы нәтиже бермеген. Керісінше, жер иелері соттасу ісін үдеткен. Көптеген сот процестерінің нәтижесінде Назарбаевтың жақындары қоныстанған Льорет-де-Мар қаласының басшысы өз креслосынан айырылды. Әкім Ксавье Креспо Родни Назарбаевпен болған соттан туындаған қылмыстық тергеу қорытындысы бойынша пара алғаны және салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танылған. Бірақ бұл даулы аумақтың мәселесін шешпеді. Араға талай жыл салып енді Назарбаев әулетінің жеңіліс тапқаны туралы ақпарат тарады: Назарбаевтар өз мүлкінің аумағы арқылы өтетін даулы жолды ашуға міндеттелді.
Айта кетейік, Can Juncadella жылжымайтын мүлкі 2007 жылы Назарбаевтар отбасының меншігіне өткен. Сарапшылардың бағалауы бойынша, вилланың жалпы ауданы 3200 м2 құрайды, жылжымайтын мүліктің өзі 20 гектарды алып жатыр. Негізгі үйде 13 жатын бөлме, кем дегенде 19 ванна бөлмесі, бір бассейн, үш сауна және үлкен гараж бар. Жылжымайтын мүлік аумағында орман, футбол алаңы, баскетбол алаңы, қызметшілерге арналған ғимараттар және басқа ғимараттар да орналасқан. Бұл меншікке Тимур Құлыбаевтың Flinder data SL компаниясы ие. Әр уақытта бұл ұйымның менеджерлері "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" компаниясының президенті Асылбек Кәрібаев пен ШҚО бұрынғы әкімі Даниал Ахметов болды. Can Juncadella вилласынан басқа, тағы ондаған жылжымайтын мүлік сол компанияға тиесілі. Олардың жалпы құны, компанияның 2021 жылғы аудиторлық есебіне сәйкес, €58 миллионнан асады. Олар негізінен Каталонияда орналасқан үй, пәтер және жер учаскелері.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев Магдебургтегі терактқа байланысты Германия Президентіне көңіл айтты
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльге елден шығуға тыйым салынған
- авторМағжан Орынбасар
- 9 желтоқсан, 2024