дүйсенбі, 13 сәуір, 2026 12:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жаңа Covid-19 нұсқасы 23 елде тіркелді

Жаңа Covid-19 нұсқасы 23 елде тіркелді
istockphoto.com
Өткен айда АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы штаммның 25 штатта анықталғанын мәлім етті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі таңда 23 елде тіркелген, мутацияға ұшыраған Covid-19 штаммына қатысты жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мамандардың айтуынша, бұл штаммның басқа түрлерге қарағанда қауіпті екеніне нақты дәлел жоқ. Дегенмен, оның балалар арасында ересектерге қарағанда жиірек таралуы мүмкін екені айтылуда.

BA.3.2 деп аталатын бұл нұсқа «Цикада» атауына ие болды. Себебі алғаш анықталғаннан кейін ол кейбір өңірлерде ұзақ уақыт бойы байқалмай, «ұйқы» күйінде болған. Бұл қасиеті жер астында ұзақ уақыт өмір сүретін цикада жәндігімен салыстырылған.

Өткен айда АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы штаммның 25 штатта анықталғанын хабарлады. Ол төрт саяхатшыдан алынған сынамалардан, бес науқастың медициналық тексеру нәтижелерінен және ағын суларға жүргізілген 132 зерттеуден табылған.

Қазіргі таңда ДДСҰ бұл штаммды «бақылаудағы» санатқа енгізді. Бұл оның қосымша зерттеуді және ерекше назарды қажет ететінін білдіреді. Мамандар оның жаһандық денсаулыққа ықтимал әсерін әлі де зерттеп жатыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар