жексенбі, 28 сәуір, 2024 4:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Париж Олимпиадасы-2024: Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті

Париж Олимпиадасы-2024: Қазақстан қоржынына тағы бір жолдама түсті
Сурет ашық дереккөзден алынды
Батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

25 жасар Данил Мұсабаев Германияның Котбус қаласында аяқталған әлем кубогінде  47-орын алып, 56.560 ұпай жинаған.

Жалпы, Данил Мұсабаевтің Әлем кубогі кезеңдеріндегі көрсеткіштері:


Португалия (2023 жыл) - 9-шы орын (58.660 ұпай);
АҚШ (2023 жыл) - 20-ші орын (58.710 ұпай);
Беларусь (2023 жыл) - 41-ші орын (56.450 ұпай
Әзірбайжан (2024 жыл) - 21-ші орын  (58.720 ұпай).


Спортшының 2023 жылы Португалияда (9-орын) және АҚШ-та (20-орын) өткен әлем кубогі кезеңдеріндегі нәтижесі есепке алынды.  Соның нәтижесінде Олимпиадаға лицензия алу үшін жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтиже таңдалған.  
Айта кетелік, батутты гимнастикадан Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды. Парижде 16 ер адам мен 16 әйел адам сынға түседі.  Қазақстан жалпы есепте 14-орында тұр. 
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында Париж-2014 Олимпиасының 31 лицензиясы бар.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар