Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
81 келідегі Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп кетті.
Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді.
Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын.
Жарыстағы жолы:
1/8 финал. Шыңғысхан Сағыналиев
1/4 финал. Абылайхан Жұбаназар
1/2 финал. Бехрузи Хожазода
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Айым Серікбаева таеквондодан жастар арасында әлем чемпионы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 сәуір, 2026
Спорт
Қазақстан құрамасы футзалдан әзербайжандықтарды 9:2 есебімен ұтты
- авторБақытжан Бекболат
- 15 сәуір, 2026






