дүйсенбі, 4 мамыр, 2026 11:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы облысында стенд атудан Әлем кубогі кезеңінің ашылу рәсімі өтті

Алматы облысында стенд атудан Әлем кубогі кезеңінің ашылу рәсімі өтті
Туризм және спорт министрлігі
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы мергендер клубының базасында стенд атудан ISSF Әлем кубогі кезеңінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Халықаралық турнир ел аумағында 2–11 мамыр күндері Халықаралық спорттық ату федерациясының қолдауымен өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 43 елінен шамамен 550 спортшы мен ресми өкіл қатысуда.

Әлем кубогінің бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасындағы трап, скит, сондай-ақ аралас командалық жаттығу — трап-микс енгізілген.

Салтанатты рәсімге Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) президенті Лючиано Росси, Еуропа мергендер конфедерациясының президенті Александр Ратнер, спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ спорт қауымдастығы мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында Александр Асанов атындағы мергендер клубының аумағында орналасқан жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы да өтті. Кешенде трибуналары бар көпфункциялы Final Hall ойын залы, бассейні бар спорт блогы, семсерлесу, жаттығу, сондай-ақ жабық пневматикалық тир залы бар. Жаңа нысан өңірдің спорттық инфрақұрылымын кеңейтіп, бірнеше спорт түрі бойынша спортшыларды даярлауға қосымша мүмкіндік береді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар