сенбі, 2 мамыр, 2026 16:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман FIDE әлемдік рейтингісінде үздік үштікке кірді

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман FIDE әлемдік рейтингісінде үздік үштікке кірді
Фото: Sports.kz
Бұл туралы Sports.kz жазды

Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман мен Әмина Қайырбекова FIDE жасөспірімдер арасындағы әйелдер арасындағы жаңартылған әлемдік рейтингінің алғашқы ондығына енді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
19 жастағы Нұрман 2 443,0 ұпаймен әлемдік рейтингіде 2-орында тұр. Кейінгі 12 айда Алуа керемет серпіліс жасап, 14 сатыға көтерілді. Отандасымыз Delta +105,0 ұпайға өсті. Қазіргі уақытта ол қазіргі көшбасшы ресейлік Анна Шухманның басты бәсекелесі саналады және қытайлық Лу Миаоиді басып озды. 

Ал Қайырбекова 2 374,0 ұпай жинап, әлемдік рейтингіде 9-орынға жайғасқан. Ол соңғы кезеңде 12 ұпай қосып, бір сатыға көтерілді.

Әлемдегі ең үздік 5 жасөспірім спортшы қыздар:

1. Анна Шухман (Ресей) — 2 456,4 

2. Алуа Нұрман (Қазақстан) — 2 443,0

3. Лу Мяойи (Қытай) — 2 438,0

4. Афруза Хамдамова (Өзбекстан) — 2 423,0

5. Элис Ли (АҚШ) — 2 415,0 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар