бейсенбі, 16 сәуір, 2026 23:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздегі мектептерде «Адал азамат» бағдарламасы аясында жаңа форматтағы іс-шаралар өтуде

Еліміздегі мектептерде «Адал азамат» бағдарламасы аясында жаңа форматтағы іс-шаралар өтуде
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы министрлік мәлім етті

Еліміздегі мектептерде «Адал азамат» бағдарламасы аясында жаңа форматтағы іс-шаралар өтуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Еліміздің білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде Ұлттық кітап күніне арналған «Ғылымға апарар жол» атты ауқымды іс-шаралар легі басталды. «Балалар әдебиеті - рухани тәрбие бастауы» онкүндігімен ұштасқан бұл бастама оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын оятып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталды.

Кітап мерекесіне орай Ақтөбе қаласындағы №84 орта мектепте «Яссауидің рухани мұрасы» атты көрме ұйымдастырылып, бастауыш сынып оқушылары «Абай дана, Абай дара» танымдық жобасын әзірледі. Мектеп оқушылары сонымен қатар ғалымдармен сұхбат құрды. «Ғылым – болашақтың кілті» атты ашық диалог алаңында балалар мектепке шақырылған ғылымдармен еркін пікір алмасып, ғылым мен білімнің заманауи мүмкіндіктерін талқылады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар