дүйсенбі, 13 сәуір, 2026 13:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мектеп бітіру кештерін өткізуге жаңа шектеулер енгізілді

Мектеп бітіру кештерін өткізуге жаңа шектеулер енгізілді
Жамбыл облысының әкімдігі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті

Мектеп бітіру кештерін өткізуге жаңа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданатын болады.

Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады.

— Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді, — делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылды.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар