Еліміздегі мектептердің 90%-ында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін жағдай жасалған
- авторМағжан Орынбасар
- 3 мамыр, 2025
- 173

Елімізде алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандарты әзірленді. Мемлекеттік деңгейде білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеуге жүйелі тәсіл бекітіледі, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау туралы» Заң жобасы әзірленуде, ол отбасы мен баланы сүйемелдеуге бағытталған ведомствоаралық тетіктерді қамтитын болады.
Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық орталығын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Еліміздегі мектептердің 90%-ында инклюзивті білім алу үшін жағдай жасалған, ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 85%-Еліміздегі мектептердің 90%-ин инклюзивті білім алу үшін жағдай жасалған, ал балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамту 85%-ға жетті жетті. Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 504 бірлікке жетті. Мектептер жанынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың 121 кабинеті ашылды.