сәрсенбі, 28 мамыр, 2025 22:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Таза Қазақстан" акциясы: Жамбылдық тәртіп сақшылары облыс орталығында сенбілік өткізді

"Таза Қазақстан" акциясы: Жамбылдық тәртіп сақшылары облыс орталығында сенбілік өткізді
Фото - Облыстық ПД
Тазалық шарасына полиция департаментінің барлық аумақтық бөліністері қатысты

"Таза Қазақстан" акциясы аясында полиция қызметкерлері облыс орталығын абаттандыруға өз үлестерін қосты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Арнайы құрал-жабдықтармен жарақтанған полиция қызметкерлері аула мен ғимараттарға іргелес аумақты қоқыстардан тазартып, жаңадан отырғызылған ағаштарды суарды.

Ғазиз Байтасовтың "Халық Қаһарманы" ескерткіші орналасқан аллеяға ерекше назар аударылды. Полицейлер ескерткіштің айналасын және гранит ескерткіштің өзін тазартты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай іс-шаралар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтады және жақындастырады, көңіл-күйді көтеріп, облыс орталығын абаттандыруға үлкен үлес қосады.

Бұл күні сенбіліктер Полиция департаментінің барлық аумақтық бөліністерінде өткізілді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар