
Ұлттық банктің 3 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,16 теңге
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 – 519 теңгеден саудаланып жатыр, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банктің 3 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 516,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,25 теңге. Еуро — 584,86.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 583 — 587 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 514 теңге.
Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,06 - 6,25 аралығында саудаланып жатыр.