Білім
Енді оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ еліміздегі кез келген университетке грантпен оқуға түсуі мүмкін
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2024
- 23.1k
Ақжолтай хабарды Асхат Аймағанбетов айтты
Енді еліміздегі халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ еліміздегі кез келген университетке грантпен түсе алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәжіліс депутатының сөзінше, бұл бастама бұған дейін бірнеше рет көтеріліп, нақты ұсыныс жасалғанымен, Үкімет тарапынан қолдау таппаған. Осылайша оңды шешімнің орайы енді келген екен.
- Енді халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырмай-ақ еліміздегі кез келген университетке грантпен түсе алады. Келесі қадам — бұл балаларға ақшалай сыйақылар беру нормасын енгізу. Біз осы мәселені шешіп, 5 миллион теңгеге дейінгі сыйақыны олардың да алуы үшін жұмыс істейтін боламыз,- деп жазды Асхат Аймағанбетов.
Айта кетейік, 2021 жылы мемлекет олимпиада жеңімпаздарына университеттерге гранттар мен ақшалай сыйақылар беру туралы шешім қабылдаған еді.
Келесі мақала