Ұлттық тестілеу орталығы түлектерге қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 16:57
- 36
Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) келесі жылы ҰБТ тапсыратын түлектерге маңызды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оларға біртұтас ұлттық тестілеуді жылына 5 рет тапсыру мүмкіндігі бар екені ескертілді:
қаңтар, наурыз, тамыз – ақылы негізде қабылдау үшін (3 рет);
негізгі тестілеу (мамыр–шілде) – грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде қабылдау үшін 2 рет.
Кім қатыса алады?
Осы жылғы мектеп бітірушілер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
Жоғары оқу орнына шартты қабылданғандар – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
Колледж бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
Алдынғы жылы мектеп бітірушілері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
Шетелде білім алған Қазақстан азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
Қазақ ұлтының шетелдік азаматтары – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгі ҰБТ;
Шығармашылық мамандық студенттері, басқа мамандыққа ақылы негізде ауысқысы келетіндер – қаңтар, тамыз;
"Педагогикалық ғылымдар" мамандығына ақылы негізде ауысқысы келетін студенттер – қаңтар, тамыз.
ҚАЖ мекемесінде азаматтарға құқықтық кеңес берілді
Ұқсас жаңалықтар
Елордалық мектепте ұлттық аспаптар математика сабағына енгізілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 3 желтоқсан, 2025






