ҚАЖ мекемесінде азаматтарға құқықтық кеңес берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 15 желтоқсан, 2025
- 316
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №67 мекемесінде сотталған азаматтарға арналған құқықтық көмек көрсету шарасы өткізілді.
Оның мақсаты – жазасын өтеушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және оларды толғандырған құқықтық мәселелер бойынша нақты жауап беру.
Шара барысында сотталғандарға әлеуметтік және құқықтық бағыттағы кеңестер берілді. Онда заңгер К.Калганов түрлі мәселелер бойынша сауалдарға жауап беріп, практикалық көмек көрсетті.
Шараның ашық әрі еркін форматта өтуі қатысушыларға өз мәселелерін бүкпесіз айтуға мүмкіндік берді. Құқық қорғаушы әрбір сауалды мұқият тыңдап, нақты заңнамалық нормаларға сүйене отырып жауап қайтарды.
Мұндай шаралар жазасын өтеушілерге құқықтық қолжетімділік пен қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қаңтар, 2026
Жуалыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қаңтар, 2026





