сәрсенбі, 8 қаңтар, 2025 0:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұғалімдер мектептің чатында отыруға міндетті ме? – заңгер жауабы

Мұғалімдер мектептің чатында отыруға міндетті ме? – заңгер жауабы
Коллаж - Jambylinfo.kz
Сабина Ахметова ұстаздарды мазалаған сұрақтарға жауап берді

Тәжірибелі заңгер Сабина Ахметова мұғалімдерді мектептің чаттарында отыруға міндетті емес екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оның сөзінше, мұғалім мен мекеме арасындағы келісімшартта мұндай міндеттеме заң жүзінде көрсетілмесе, ұстаздардың бейресми чаттарда отыруы міндеттелмейді. 

-    Егер мектептің әкімшілік чатында отыру еңбек келісімінде лауазымдық нұсқау ретінде немесе мектептің ішкі құжаттарында  қаралмаған болса, сіз одан бас тарта аласыз. ҚР педагог статусы заңы мен еңбек кодексі мұғалімнің жеке өмірі мен демалысына кедергі келтіретін болса,  бейресми чаттарда отыруды міндеттемейді. Мұғалім басқа да мамандар секілді кесімді жұмыс уақыты мен жеке өміріне уақыт арнауына құқылы. Еңбек кодексіне сай, қызметкер жұмыс кестесінен тыс уақытта өз ісімен шұғылдана алады. Сол үшін ол өз міндеттемесіне кірмейтін жұмыспен айналыспауы керек,- дейді Сабина Ахметова.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар