сәрсенбі, 4 маусым, 2025 19:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мұғалімдерді ақылы семинарға мәжбүрлеп қатыстыру: Министр мәлімдеме жасады

Мұғалімдерді ақылы семинарға мәжбүрлеп қатыстыру: Министр мәлімдеме жасады
Фото - ашық дереккөз
Елімізде 8 мыңға жуық мектеп пен 600 мыңға жуық мұғалім бар

Үкімет отырысының брифингінде оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа журналистер кейбір өңірлерде мұғалімдердің ақылы семинарларға қатысуға және газет-журналдарға мәжбүрлі түрде жазылуға қатысты шағымдар барын жеткізді. Олар мұндай әрекеттердің қаншалықты заңды екенін сұрады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, елімізде 8 мыңға жуық мектеп пен 600 мыңға жуық мұғалім бар. Алайда мұндай келеңсіз жайттар нақты қай өңірде, қай мектепте болып жатқанын анықтап, заң бұзылған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын мәлімдеді.

- Расында, ақылы семинарлар өткізуге қажеттілік жоқ. Өйткені «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы жүйелі түрде тегін курстар өткізіп отырады. Сондай-ақ, әр өңірде өздерінің әдістемелік орталықтары бар. Қосымша семинарлар да тегін өтуі тиіс. Егер мұғалімдерді мәжбүрлеп ақылы шараларға қатыстыру фактілері болса, бұл – жергілікті білім бөлімдерінің бастамасымен жүзеге асып жатқан жағдайлар. Кейде бұл 5-6 мектеп көлемінде орын алып, бүкіл ел бойынша таралғандай әсер береді. Бірақ нақты фактілер болса, біз заңға сай әрекет етеміз, – деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар