Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев "Жұмысшы мамандықтары жылына" орай барлық өңірінде "Жаңа кәсіптер атласы" әзірленетінін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Министрдің айтуынша, "Жаңа кәсіптер атласы" негізінде оқушылар еңбек нарығының талаптары туралы ақпарат алады және мансапты дұрыс таңдай алады.
1000 мектепте бейіндік сыныптар ашылып, жоғары сынып оқушылары практикалық дағдыларға үйретіледі.
Ел бойынша "Жаңа кәсіптер атласы" әзірленеді. Кәсіптік бағдар берудің жаңа тәсілдері оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушылар толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады. Кәсіпорындар колледждермен бірлесіп 1000 мектепте бейіндік сыныптар ашады", – деді министр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Студенттерді қолдау: «Келешек» жобасының шарттары қандай
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қаңтар, 2025