сәрсенбі, 15 қаңтар, 2025 4:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылады

Жамбыл облысында игерілмеген жерлер мемлекет меншігіне қайтарылады
Фото: Jambylinfo.kz
Биыл өңірде 90 мың гектар заңсыз немесе пайдаланусыз жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған

  2025 жылы Жамбыл облысында  90 мың гектар заңсыз немесе пайдаланусыз жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы хабарлады деп жазады Jambylinfo.kz.   

Басқарманың мәліметінше, бұл шара жер ресурстарын тиімді игеру және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру мақсатында жүзеге асырылады.

«Бұл бастама жерді мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге және заңсыз иеленудің алдын алуға бағытталған. Жергілікті билік игерілмеген алқаптарды бақылау шараларын күшейтіп, оларды ел экономикасына тиімді айналымға енгізу жұмыстарын жалғастыруда. Қайтарылған жерлердің ішінде жайылымдық алқаптар елді мекендердің қолданысына беріліп, тұрғындардың мал жаюына арналған жайылымдарға қосылады», - делінген  хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылы аймақта 102,5 мың гектар бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылып, жоспар 127,5 пайызға артығымен орындалған.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар