Республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңіне 10 мыңнан астам оқушы қатысады
- авторМағжан Орынбасар
- 29 сәуір, 2025
- 191

Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі басталды. Биылғы олимпиадада аудандық және қалалық кезеңдерден іріктелген 10 758 оқушы бақ сынасуда, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олимпиаданың мақсаты оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, ғылыми білімге деген қызығушылығын арттыру, олардың дарыны мен қарым-қабілетіне қолдау білдіру және ерте кәсіби бағдарлау жүргізу. Сонымен бірге, талантты оқушыларды анықтап, оларды республикалық деңгейдегі пәндік олимпиадаларға даярлау көзделеді.
Олимпиаданы бүгін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өтуде. Ал 30 сәуір күні балалар қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер білім бәсекесіне түседі.
Бұл зияткерлік доданың жүлдегерлері – 18-21 мамыр аралығында Астана қаласында өтетін респубикалық олимпиадаға жолдама алады.