Жас мұғалімдерге жаңа мүмкіндік: "Келешек мектептеріне" цифрлық платформасы іске қосылды
- авторБақытжан Бекболат
- 2 маусым, 2025
- 183

Бұл жүйе Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бастамасымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Платформа – педагогикалық жоғары оқу орындарын тәмамдаған жас мамандарды жылдам әрі тиімді іріктеуге арналған. Қазірдің өзінде 600-ге жуық жас педагог іріктеуден өтіп, жүйеге тіркелген.
Платформа не ұсынады?
Әрбір жас мұғалімнің білімі, мамандығы және тәжірибесі көрсетілген электронды портфолио;
Директорлар үшін қауіпсіз кіру жүйесі (ЭЦҚ арқылы авторизация);
Смарт сүзгі – нақты пән, өңір және мамандық бойынша іріктеу мүмкіндігі;
Жұмысқа орналасқан түлектерді автоматты түрде тіркеу.
Қазіргі таңда бұл сервис тек "Келешек мектептерінің" директорларына қолжетімді. Олар платформа арқылы өз мектептеріне қажетті мамандарды оңай таба алады. Жүйе мемлекеттік дерекқорлармен біріктірілген, бұл енгізілген ақпараттың нақты әрі өзекті болуын қамтамасыз етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ғылым және жоғары білім министрлігі талапкерлерге үндеу жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 9 маусым, 2025