дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 16:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жайлы мектепте" жұмыс істегісі келетін ұстаз қандай талаптарға сай болуы тиіс

«Жайлы мектепте" жұмыс істегісі келетін ұстаз қандай талаптарға сай болуы тиіс
фото - ашық дереккөзден
Елімізде 2026 жылға дейін 369 "жайлы мектеп" салу жоспарланған

Биыл Қазақстанда ұлттық жоба аясында 217 мектеп қолданысқа берілуі тиіс. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

inbusiness.kz сайтының жазуынша, «Жайлы мектепке» жұмысқа орналасу үшін ұстаздарға қойылатын бірнеше талап бар.

"Педагогтерді білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Қағидалардың 141-тармағына (Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату тәртібі) сәйкес конкурсты ұйымдастыру тәртібі, Қағидалардың 154-тармағына сәйкес құжаттардың тізімі көрсетілген. Қағидалардың 154-тармағына сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландыруды білім беру ұйымының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында және (немесе) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы жарияланады. Бос орындар туралы ақпаратты "Enbek.kz" сайтында, hr –nobd.edu.kz ақпараттық жүйенің "Педагогті жұмысқа қабылдау" модулінде және сілтеме арқылы көруге болады", - делінген ресми жауапта.

Министрліктің жазуынша, осы қағидалар барлық мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді жұмыcқа қабылдау барысында қолданылады.

"Жайлы мектеп" жобасы бойынша салынатын мектептерді басшы кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында "Білім берудегі өзгерістердң 1000 көшбасшысы" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның шеңберінде биылғы оқу жылында пайдалануға берілетін "Жайлы мектептер" директорлармен қамтамасыз етіледі. Аталған қаулының 3-бөліміне сәйкес "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы ұлттық жобаның мақсаты жалпы орта білім беретін мектептерді жобалау және салу болып табылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін жайлы мектептер өңір әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілетін болады және тиісінше қаржыландыру барлық жалпы білім беретін мектептермен қатар жергілікті атқарушы органдардың бюджетінен жүзеге асырылатын болады", - деп хабарлады ведомство.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар