дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы күрес күні

14 қараша – Дүниежүзілік қант диабетіне қарсы  күрес күні
Сурет: Шоқан Уәлиханов атындағы кітапханасынан
Осыған орай, Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында жиын өтті

«ALEM » кәсіби білім беру колледжінің «Мейіргер ісі» тобының білімгерлерінің қатысуымен «Диабетті жеңеміз!» тақырыбында дәрігерлермен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

 Кездесуге «JANUIA medical center» денсаулық сақтау мекемесінің жоғарғы санаттағы  эндокринолог дәрігері Ағабаева Эльмира Жүсіпбайқызы және «Садыхан» облыстық медициналық орталығының эндокринолог дәрігері Шағамбаева Жадыра Базарбайқызы қатысып, ауру белгілері мен дамуы және алдын алу жолдары туралы айтып, студенттердің  сұрақтарға жауап беріп, еркін пікір алысты.

Дәрігерлер жиында адамның дұрыс дамып, өсіп жетілуіне денсаулықтың маңызы зор екенін, әр адам  эндокринологтан кеңес алып, өз денсаулығы үшін күресе білуі қажет екенін алға тартты. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар