жексенбі, 7 шілде, 2024 18:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аллергиясы барларға Pfizer вакцинасының кері әсері болуы мүмкін

Аллергиясы барларға Pfizer вакцинасының кері әсері болуы мүмкін
ашық дереккөзі
Аллергиясы барларға Pfizer вакцинасының кері әсері болуы мүмкін

Рfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасы құрамына байланысты аллергиясы бар адамдарға қарсы болуы мүмкін. Бұл туралы Н.Ф.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының басшысы Александр Гинцбург мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Адам ағзасында РНҚ-ға өте белсенді әсер ететін интерферондар жүйесі бар. Бұл адам ағзасына тікелей көп мөлшерде енгізілетін РНҚ бар препарат болғандықтан, кері әсері де болуы мүмкін, – делінген хабарламада. Гинсбургтің айтуынша, вакцинаның бұл түрі аллергиялық аурулармен ауыратын және табиғи иммунореактивтілігі жоғары адамдарға қарсы болуы мүмкін. Бұған дейін хабарланғандай, америкалық алып Pfizer және неміс BioNТech компаниясы Еуропалық Одақта коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны тіркеуге өтініш берді. baq.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар