жұма, 22 қараша, 2024 21:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ғалымдар коронавирус жұқтыру қаупін азайтатын әдісті ұсынды

Ғалымдар коронавирус жұқтыру қаупін азайтатын әдісті ұсынды
ашық дереккөзі
Ғалымдар коронавирус жұқтыру қаупін азайтатын әдісті ұсынды
Мультивитаминдер, D дәрумені, пробиотиктер және омега-3 май қышқылдарын жеу коронавирусты жұқтыру қаупін 10-15% төмендетуі мүмкін, бірақ бұл әдіс тек әйелдер үшін тиімді. АҚШ, Швеция және Ұлыбритания ғалымдарының зерттеуі MedRxiv сайтында жарияланған. С дәрумені, сарымсақ және мырыш қолдану ешқандай әсер етпейтін болып шықты,  екі жыныстың өкілдеріне де қатысты. Бірақ мультивитаминдерді қолдану жұқтыру қаупін 13%-ға, D дәрумені — 9%-ға, пробиотиктер — 14%-ға, омега-3 май қышқылдары - 12%-ға азайтты. Алайда, бұл корреляция тек әйелдерде табылды. К.Г. Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және менеджмент университетінің астық өңдеу, нан пісіру, макарон және кондитерлік өндіріс технологиясының кафедрасының меңгерушісі Игорь Никитиннің сөзінше, кейбір тағамдық қоспалар, шынымен де, қарапайым, бірақ иммундық жүйеге оң әсер етеді.
Тағамдық қоспалар тек қабылданатын нутриенттер тапшылығы бар адамдарға ғана иммунитетті арттыруға көмектеседі. Зерттеуге қатысушылар мырыш пен С витаминінің жетіспеушілігінен зардап шекпеген шығар, - деді  Никитин.
Ал компоненттердің әйелдер мен ерлерге түрліше әсерінің себебі әртүрлі тәсілдерде болуы мүмкін, М.В. Ломоносов атындағы ММУ фармакология кафедрасының меңгерушісі, профессор Олег Медведев. Оның пікірінше, әйелдер денсаулығын күтуге жауапты қарайды. baq.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар