Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты
Америка ғалымдары адам өмірін он жылға ұзартатын төрт факторды атады.
Ғалымдар жарияланған зерттеуде ұзақ өмір сүруге себеп болатын амалдардың тізімі жарияланған. Өмірді ұзарту үшін біріншіден, тамақ рационына жеміс-жидекті көп қосқан жөн, дейді олар. Мамандардың сөзінше, әсіресе, жерорта теңізі халықтарының диетасын қолданған дұрыс. Олар көкөніс пен дәрумені мол жеміс-жидектерді көп тұтынады. Жеміс-жидек қан тамыры мен жүрек ауруларының алдын алып, зат алмасуды жақсартады. Соның есебінен ми жұмысы да жақсарады. Екіншіден, күйзелістен барынша аулақ болған жөн. "Сол үшін өмірден кез келген жақсылықты, жағымды нәрсені табуға тырысу керек" дейді ғалымдар. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бақытты ғұмыр кешкен адамдардың өлім қаупі 3,7 процентке азайған. Мамандар бақытсыз адамдарға қарағанда бақытты адамдар 18 процент көбірек өмір сүретінін мәлім етті. Үшіншіден, денсаулыққа қауіпті заттардан аулақ болған дұрыс. Мысалы, ішімдік ішу мен шылым шегу. Алкогольді сусын адам өмірін 17-18 пайыз қысқаратын көрінеді. Ал темекі он жылды "тартып алады", дейді ғалымдар. Төртіншіден, бұған дейін дәрігер және жоғарғы оқу орнының ректоры Юлия Юсипова қартаюды тоқтатуға көмектесетін өнімдер туралы айтқан болатын. Яғни, қоспасыз, табиғи тағамдар. Органикалық заттар, қант, гормон, антибиотик қосылмаған тағамдар өте пайдалы. Консервіге салынған, пластик ыдыста ысытылған тамақтардан да бас тартқан абзал. Оның орнына жеміс-жидек, дәнді-дақыл, жануар ақуыз жеген дұрыс. Еске сала кетсек, осыған дейін диетолог Майкл Мосли қара нанның кейбір түрлері қандағы қант деңгейін көтеріп жіберетіндіктен, оны таңдағанда сақ болуға кеңес берген еді. baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала