Аймақ басшысы еңбегі ерен еріктілерді қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 8 желтоқсан, 2020
- 297
Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен басталған Волонтер жылы да аяқталуға жақын. Бұл ауқымды жоба аясында елдегі еріктілік қозғалыстың қарқыны өсіп, волонтерлік акциялардың саны бірнеше есе артқанын көрдік. Мемлекет үздік волонтерлік жобаларды қолдап, түрлі идеялар мен тәжірибелердің үлкен базасын құрды. Жыл шеңберінде жарияланған еріктілердің байқауына қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірі және шетелдерден 768 өтінім түсіпті. Екі іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен қатысушылардың ішінен тәжірибелі қазылар алқасы "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының 48 жеңімпазын анықтаған. Олардың қатарында біздің жерлестеріміз де бар. Хамида Турдыева «Корпоративті волонтерлік көшбасшылары» номинациясын еншілесе, Станислав Насыров «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» номинациясын иеленді. Ресейлік және қырғызстандық волонтерлер да жеңімпаздар қатарынан көрінгенін айтуға тиіспіз. Бүгін республикалық деңгейде, онлайн форматта белсенді жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, қайырымдылық пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арқалап, еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосып жүрген жаны жомарт жандарды көтермелейтін дәстүрлі «Жомарт жүрек» сыйлығы да үлестірілді. Бірлігімізді нығайтып, ынтымағымызды келістіре түскен еріктілер жылына өлешеусіз үлес қосып, еңбектері еленген азаматтарды жетістіктерімен құттықтаймын. Расында, осы жылы көптеген шаруа атқарылды, талай сауапты іске сеп болдық, көптеген қамкөңіл отбасы қуанды, талай жанның денінің саулығы үшін қаншама маңдай тер төгілді. Бір-бірімізге деген осы секілді сыйластығымыз, пейіліміз, жарастығымыз үзілмесін!
Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ faсebook парақшасынан
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз