Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 15 жастағы қыз жоғалып кетті
- авторjambylinfo.kz
- 8 желтоқсан, 2020
- 312
Жамбыл облысында 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының полиция бөлімі Құлан ауылының тұрғыны, кәмелет жасқа толмаған 2005 жылы туған Кенеш Айдана Сабыржанқызына іздеу салуда. «Ол биылғы жылдың 5 желтоқсанында сағат 11:00-дер шамаларында үйінен белгісіз жаққа шығып кетіп, қайта оралмаған. Бұл қызды көрген, білгендерініз болса Т. Рысқұлов ауданы полиция бөліміне хабарласуларынызды өтінеміз. Үстінде қоңыр ерлер күртешесі, басында ақ түсті қыстық бас киім, қоңыр жемпір, қоңыр шалбар және қара түсті қыс мезгіліне арналған етік болған»,-делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
inform.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз