сәрсенбі, 25 маусым, 2025 4:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бауыр трансплантациясынан өткен балаларға Сызғанов орталығында тосын сый жасалды

Бауыр трансплантациясынан өткен балаларға Сызғанов орталығында тосын сый жасалды
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықта бауыр трансплантациясынан өткен балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл – елімізде балаларға бауыр трансплантациясын жүргізетін жалғыз медициналық мекеме. Акция барысында балалар ультрадыбыстық зерттеуден (УДЗ), кешенді зертханалық талдаулардан өтті, сондай-ақ бейінді мамандардың консультациясын алды.

Орталықтың басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Болатбек Бимендеұлы Баймаханов балалармен кездесіп, олардың жағдайын сұрап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ол орталықтың барлық мамандары бұл балалардың денсаулығын үнемі бақылауда ұстайтынын атап өтті.

«Ата-аналарының жанында қайта өмірге келген қуанышты балаларды көру – біз үшін үлкен бақыт. Бұл бізді трансплантология мен жоғары технологиялы медицинаның жаңа белестерін бағындыруға жігерлендіреді», – деді орталық басшысы.

А.Н. Сызғанов атындағы орталықта балаларға бауыр трансплантациясын жасау бағдарламасы 2016 жылы профессор Баймахановтың бастамасымен қолға алынған. Содан бері 50-ден астам бала күрделі операцияны сәтті өткеріп, толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар