жұма, 22 қараша, 2024 12:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бурабайға демалуға барған 10  бала ауруханаға түскен

Бурабайға демалуға барған 10  бала ауруханаға түскен
Фото - ашық дереккөзден
Оқиға Edelweiss borovoe сауықтыру орталығында болған

Павлодардан Бурабайға демалысқа барған балалар үйінің тәрбиеленушілері ауруханадан бір-ақ шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Маусымның 30-нан бастап балалар Edelweiss borovoe балалар сауықтыру орталығына демалуға барған.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, он баланың бәрі Щучинск қаласындағы ауруханаға жатқызылған.

"7 шілде күні шамамен 11:30-да он балаға диагноз қойылып, бәрі Щучинск қаласындағы көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Қабылдау бөлімінде балаларды инфекционист және отоларинголог мамандар қарап, мұрыннан бактериологиялық зерттеуге, ал менингококкқа тамақтан жұғынды, ротавирус және энтеровируске, сондай-ақ COVID-19-ға анализдер алынып, жалпы қан талдауы жасалды. Екі балаға көкірек қуысына рентгенографиясынан өтті. Үш балаға бұлшықетішілік дәрі беріліп, қалғандарына  пероралды антибиотиктермен тамақты шайылды", - деді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар