Оқиға ойын алаңына жақын маңда болған. Иесі ағашқа байлап қойған ит өзін сипамақ болған кішкентай қыздың бет-аузын тістеп алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Патриот» басылымының хабарлауынша, қыздың бетін сегіз жерден тіккен. Иттің иесі баланы анасымен ауруханаға жеткізген.
«Енді қыздың бетінде тыртық қалады. Иттің иесі қыз жануарға өзі келгенін, ата-анасынсыз жалғыз жүргенін айтып, жауапкершілік алмайтынын жеткізді. Балалар ойын алаңында да ересектермен жүруі керек пе? Ал иттің тұмсығына неге ештеңе тақпаған?», — дейді қыздың туыстары.
Кейін полиция ит иесіне айыппұл салды.
«Қыздың анасы иттің иесін жауапқа тарту туралы өтініш жазбады. Материалды қарап, оған әкімшілік жаза тағайындалды. Оған 36 920 теңге айыппұл салынды», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Бурабайға демалуға барған 10 бала ауруханаға түскен
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024