жұма, 22 қараша, 2024 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Былтыр Қазақстан 100 адамды шетелге емге жіберу үшін 1 млрд теңгеге жуық қаражат бөлген

Былтыр Қазақстан 100 адамды шетелге емге жіберу үшін 1 млрд теңгеге жуық қаражат бөлген
Коллаж: Ернар Балғабай
Осы 100 адамның ішінде Қазақстан дәрігерлері емдей алмайтын 66 бала бар

Былтыр Қазақстанның медицинасы емдей алмайтын ауруға шалдыққан 100 адам ем алу үшін шет елдерге жіберілген. Бұл туралы jambylinfo.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып  Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен баланың денсаулығын қорғау департаменті директорының орынбасары  Әйгерім Оспанова мәлім етті. 

Оспанованың мәліметінше, ол 100 адамның ішінде Қазақстанның дәрігерлері емдей алмайтын дертке шалдыққан 66 бала бар. 

«Бүгінгі күнде интернет жүйесінде баланың еміне қаражат жинау өте күрделі және актуалды мәселе деп білеміз. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жоғарғы комиссиясы бар. Сол комиссияның кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында науқасты шетелге емдеуге жіберетін бағдарламасы бар. Биыл сол бағарлама бойынша жүз адам шетелге емделуге шықты. Соның ішінде 66 бала. Оған мемлекеттің қаражатынан 2023 жылы 967 млн 633 мың теңге жұмсалды», - дейді Әйгерім Оспанова. 

Оның айтуынша, баласын шетелде емдету үшін әлеуметтік  желі арқылы ақша жинайтын ата-аналардың көбі ол аурудың Қазақстанда емделетінін білмейтін болып шыққан. 

«Ең бірінші айта кететін мәселе,  біздің (денсаулық сақтау министрлігінің – ред.) 45 бұйрығына сай, баланың ата-анасы оны шетелге емдетуге өз еркімен алып шықса,  ары қарай ол бала мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыландыруға ілінбейді. Екіншіден, бала қай кезде шетелге емделуге жіберіледі, соны анықтап айтсақ: егер біздің республикалық орталықтардың дәрігерлері,  бас мамандары «біз осы баланы емдей алмамыз, шетелде емделуге барсын» деген тұжырымдама берсе, бала шетелге мемлекет қаражатынан емделуге барады», - дейді ол. 


Әйгерім Оспанова өз сөзінде әлеуметтік желі арқылы қаражат жинайтын ата-аналар мен қорлардың жұмысындағы бір мәселені атап өтті. Оның айтуынша, көп жағдайда ата-ана баласына қазақстандық дәрігерлер көмектесе алатынын біледі. Оның үстіне, кейде баланы эксперимент үшін емдеуге шығаратын адамдар бар дейді. 

«Әлеуметтік желіде ақша жинайтын ата-аналар, қорлар бар. Оның барлығына біз былтыр хабарласып, мәлімет алған кезде, анықтағанымыз, олардың елу пайыздан көбі елімізде ол ауру емделетінін білсе де өзгелердің үгіт-насихатына құлақ асып, шетелге емделуге мәжбүр болғандарын айтқан. Тағы бір мәселе, кейбір жағдайда ата-ана эксперименттік ем алу үшін шетелге апарамыз дейтін ата-ана бар. Біздің айтарымыщ, қандай да болсын эксперемент үшін емдеу мен диагностика үшін шетелге жібере алмаймыз», - деді ол.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар