Бүгін Жамбыл аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Сауруков әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы Facebook және аурухананың Instagram парақшасында "Коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық барысы мен дәрі-дәрмек қоры" тақырыбында тікелей эфир өткізіп, тұрғындардың сауалына тұщымды жауаптар қайтарып, ақпараттандырды. Эфирдегі мәліметке тоқталар болсақ, 2020 жылдың 3 қыркүйегіне дейін ауданда жалпы COVID-19 індетінің 216 жағдайы тіркеліп, тұрғындарға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 0,216 % құрады. Провизорлық бөлімде пневмония дертімен емделген 180 ауру тіркелді. COVID-19 тіркелген жағдайлардың ішінде 110 науқас (50,9%) симптоммен, 106 науқас (49,0%) симптомсыз. Ал инфекциялық стационардан 96 азамат сауығып шықты. Өкінішке орай аты жаман дерт 13 азаматымызды ақтық сапарға жетектеп кетті.
216 жағдайды аймақтарға бөлсек, Полатқосшы ауылдық округі: Жалпақтөбе ауылы – сиптомымен 16/-13 жатып шықты, 3 кайтыс болды,симптомсыз-16. Айша бибі ауылдық округі: Айша Бибі ауылы – 8/-7 жатып шықты, 1 қайтыс болды, симптомсыз-13. Турксиб ауылдық округі: Түрксиб ауылы – 10/-9 жатып шықты, 1 кайтыс болды. Симптомсыз-10. Бектөбе ауылдық округі: Бектөбе ауылы – 15/-14 жатып шықты 1 кайтыс болды. Симптомсыз-2. Аса ауылдық округі: Аса ауылы – 10/-9 жатып шықты – 1 кайтыс болды. Симптомсыз-9. Шайқорық ауылдық округі: Шайқорық ауылы – 12/-10 жатып шықты. 2 кайтыс болды. Коныртобе ауылы-1/-1 жатып шықты Симптомсыз-6. Қаракемер ауылдық округі: Құмтиын ауылы – 1/-1 жатып шықты.симптомсыз-4. Каракемер ауылы-1/-1шыкты Симптомсыз-3. Гродеково ауылдық округі: Гродекова ауылы – 7/-6 жатып шықты. Симптомсыз-3. Ақбұлым ауылдық округі: Ақбұлым ауылы – 6/-5 жатып шықты. 1 кайтыс болды. Симптомсыз-14. Қараой ауылдық округі: Пригород ауылы – 8/- 1 кайтыс болды. –7 жатып шықты Симптомсыз-6. Қырғыз Республикасы Талас облысы – 2/-2 жатып шықты. Бесағаш ауылдық округі: Бесағаш ауылы-1/-1 жатып шықты. Симптомсыз—2. Қызылкайнар ауылдық округі: Жасоркен ауылы-6/-1 қайтыс болды. -5 жатып шықты. Симптомсыз-5. Акбастау ауылдық округі: Октябрь жемис ауылы-1 Брлесу енбек-2/-2 жатып шықты. Симптомсыз-0. Орнек ауылдық округі: Тоғызтарау ауылы-1/-1щықты,симптомсыз-1. орнек ауылы-2/-2 жатып шықты. Симптомсыз-0. Көлқайнар ауылдық округі: Енбек ауылы-1/-1 қайтыс болды. Тастобе-4 симптомсыз.рахат ауылы симптомсыз-1. Ащыбұлақ ауылдық округі: Ащыбұлақ ауылы – 4/-4 бақылаудан алынды.
ПТР зерттеу нәтижелері бойынша:
Ағымдағы жылдың 29 қаңтары мен 30 тамыз аралығында жалпы 3350 тұлға КВИ-ға зерттеу жүргізіліп, оның 85 – оң нәтижелі, 3116 теріс. 2020 жылдың 12 тамызында «Пандемияның 2 толқыны кезінде Жамбыл ауданының тұрғындары арасында COVID 2019-дың одан әрі таралуын алдын алу үшін қызметтер мен ведомстволардың іс-әрекеті туралы стратегиялық жоспары» аудан әкімімен бекітілді. Шектеу карантиндік шараларының төмен қарқындылық стратегиясы жағдайында репродуктивтілік көрсеткіші бірліктен аз (R0 < 1,0) және төсектерді толтыру көрсеткіші < 50% болған кезде (ағымдағы жағдайда). Қазіргі жағдайда аудандық ауруханада провизорлық төсектер жабылған, аурудың өсуі байқалғанда ауруханада 50 провизорлық төсек ашуға мүмкіндік бар. Екінші толқынға дайындық бойынша аудандық ауруханада соңғы бұйрықтарды орындау мақсатында қабылдау бөлімі екі блокка бөлінген. №1 –блок COVID-19 белгілері жоқ және жоспарлы ауруларды қабылдайды, №2- блок фильтр сүзгі COVID-19 белгілері бар балалар, екіқабат әйелдер және ересектерді қабылдайды. Аудандық емханада да талаптарға сай сүзгі жұмыс жасауда. Ауруларға көмек көрсету үшін сүзгі кислородтық концентраторлармен толығымен жабдықталған. Реанимация бөлімінде індетке қарсы үш төсек қоры резервте бар. Ауруханада 5 Өкпе Жасанды Желдеткіш аппараты, 29 кислороддық концентратор, төсек қасындағы монитор -5, инфузиамат-2, шприцевой дозатор-2, пулсоксиметр -54, 2- цифрлық рентген аппарат жұмыс жасауда. Медициналық кадрларды бойынша барлығы 109 дәрігер, 354 орта медициналық қызметкер, 205 кіші медициналық персонал.
Қазіргі таңда ауданымызда COVID-19 инфекциясына полимеразды тізбекті реакция (ПТР) жүргізу арқылы тестілеу 2 зертханасында өткізіледі. Анықтама үшін: «Ұлттық сараптама орталығы» Жамбыл облысы филиалының зертханасы, «Олимп» зертханасы, орталығы. Ағымдағы жылдың 28 тамызына 30 күнге жетерліктей дәрілік заттардың қоры бар. Дәрлік заттар: Антикоагулянттар -200 шприц және 100 құты, Антибиотиктер- 1650таблетка және 6000 құты. Кортикостероидтар-5000 құты. Дәрумендер: 5000 ампула, вирусқа қарсы препараттар – 2000 таблетка. Жеке қорғаныш құралдары:Бір реттік костюм-3000,көп реттік костюм -800 ,15000 бір реттік маскалар, 6000 респиратор; 15000 бір реттік қолғаптар, 340фавипировир вирусқа қарсы препараттар, 90 литр антисептиктер, дезинфекциялық заттардың (18000таблетка, 45 литр) қоры бар.Қосымша Облыстық Денсаулық Сақтау баскармасынан дезинфекциялық заттар беріледі. Қосымша өтінім берілді. Стационарлық деңгейде – 20 ДЗ атауы бойынша10 млн теңге. Амбулаториялық деңгейде – 7 ДЗ атауы бойынша 8 млн теңге. Гуманитарлық көмек бойынша: Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап шет мемлекеттерден және отандық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінен гуманитарлық көмек жеткізілді. Жалпы: дәрілік заттар – 1650 таблетка, жеке қорғаныш құралы - 500дана. Отандық ЖШС-терден: дәрілік заттар – 900 цефтриаксон таблетка, жеке қорғаныш құралы – 170 дана.
Вакцина бойынша: 2020 жылға қыркүйек-қазан айына 24300 дозада тұмауға қарсы екпе жеткізіліп ,екпке маусымы жүргізүліде. Вакцинаның осы көлемі аудан тұрғындарының 33,7 пайызын қамтиды. Олар: балалар, медициналық қызметкерлер, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататындар, 6 айдан асқан жиі ауратын балабар, жетім балалар мен балаларға арналған білім беру ұйымдарының балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, сәбилер үйлерінің балалары, медициналық – әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызмет алушылары, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек – қантамырлық жүйесінің және тыныс алу мүшелерінің созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсетімдері бар науқастар. Халыққа үйде медициналық қызмет көрсету, оның ішінде дәрілік заттарды жеткізу үшін аудандық аурухана жанынан ұтқыр әмбебап бригадалар ұйымдастырылды. Аудан бойынша 5000 және одан көп тұрғынға есептеліп жалпы 14 ұтқыр әмбебап бригадалар жасақталды. Оларды көлікпен қамтамасыз ету бойынша аудандық әкімдік тарапынан қолдау көрсетілді. Бұл топтардың жұмысының нәтижесінде ауруханалардағы науқастар санының төмендеуіне септігін тигізді. Созылмалы аурулары бар пациенттерді, егде жастағы адамдарды қашықтықтан динамикалық бақылауды ұйымдастыру мақсатында аудандық емханада колл орталығы жұмыс жасауда.Жалпы щілде,тамыз айларында 2614шақыруға барып медициналық көмек көрсетілді. Аудандық медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздік және медициналық персоналды қорғау (аймақтарға бөлу, визуализация) шаралары ұйымдастырылды.
Жалпы пандемияға қарсы шараларды күшейту бойынша75 медицина қызметкерлері оқытылды, 52 медициа қызметкерлерін оқыту жоспарланды. Сонымен қатар медицина қызметкерлер көптеген онлайн семинар сабактарга және вебинарларга қатысуда.Күні кеще облысымызда COVID-19 инфекциясының екінші толқынына дайындықты күшейту мақсатында оқу өткізіп ауданнан 6дәрігер оқытушы сертификатын алды.
КОВИД-19 бойынша алдын алу шаралары. COVID-19-дың адамнан адамға берілуінің алдын алу үшін бетперде пайдаланумен қатар қол гигиенасы ережелерін және ЖАЖБ-ның басқа да талаптарын сақтау қажет. Халық үшін ұсыныстар Респираторлық симптомдар жоқ кезде келесі қағидаларды ұстанған жөн: Адамдар топтанып жиналған жерлерге және жабық, іші толы кеңістіктерге бармау; COVID-19-дың респираторлық симптомдары (мысалы, жөтел, түшкіру сияқты) бар кез келген адамнан кемінде 1 метр қашықтықты ұстану; Егер қол көзге көрінетіндей кірлеген болмаса құрамында спирт бар зарарсыздандыру құралдарын пайдаланып қолды гигиеналық өңдеуді жиі жүргізу, ал кір болған жағдайда – қолды сабындап жуу;жөтелген және түшкірген кезде ауыз бен мұрынды шынтақтан бүгілген қолмен немесе орамалмен жабу; сосын орамалды бірден лақтырып, қолды гигиеналық өңдеу; мүмкіндігінше ауыз бен қолды ұстамау. Осы орайда аудан тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға шақырамын.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз