жұма, 22 қараша, 2024 20:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Дәрігерлер кеңесі: Балаларды жұқпалы аурулардан қалай қорғау керек

Дәрігерлер кеңесі: Балаларды жұқпалы аурулардан қалай қорғау керек
ашық дереккөзі
Дәрігерлер кеңесі: Балаларды жұқпалы аурулардан қалай қорғау керек
Күзде және қыста респираторлық вирусты инфекциялар күшейеді. Оның ішінде ауыр жұқпалы ауру саналатын тұмау да бар. Мұндай вирустардың көбі адамнан адамға ауа-тамшы жолымен таралады. Бүгінгі күні бұл аурулардың алдын алудың тиімді жолдары ретінде гигиена мен салауатты өмір салтын сақтауды, денсаулықты нығайтып, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану жолын жатқызуға болады. Осы ретте медицина ғылымдарының докторы, профессор, Дәрі-дәрмектерді сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Жанат Сатыбалдиева ҚазАқпарат тілшісіне тұмау мен ЖРВИ-ді жұқтырып алмаудың жолдарын айтып берді. Маманның айтуынша бөлмені желдету - аурудың алдын-алудың маңызды және тиімді ережелерінің бірі. Бөлмені жиі және қарқынды түрде желдетіп, ауаны ылғалдандыру қажет. Одан бөлек дәрігерлер өзіңізбен бірге дезинфекциялық майлық пен спрейлерді алып жүруге кеңес береді. «Мұрынның шырышты қабығын бақылаңыз, оны әлсіз тұзды ерітіндімен сулап, тұзды ерітіндімен аузыңызды, тамағыңызды шайыңыз. Су, шырын түрлерін, шайды көп ішіңіз. Біз үнемі айтып жүрген коронавирус инфекциясының алдын-алу жөніндегі барлық шаралар - ЖРВИ мен маусымдық тұмауға да қатысты. Ол ауруларға қарсы жыл сайын екпе жасалады», - деп еске салады Жанат Сатыбалдиева. Сонымен қатар, дәрігердің пікірінше, ата-аналар мектеп оқушысының ұйқы режимі мен тамақтануына баса назар аударуы керек. Таза ауада серуендетуді де ұмытпауы тиіс. Бала күніне кем дегенде сегіз сағат ұйықтауы қажет. Өйткені оның ұйқысы қанбай қалса иммунитеті мен оқу қабілеті нашарлауы мүмкін. «Балалар тамақтана отырып, өз иммунитетін қалыптастырады. Тамақ теңгерімді әрі нәрлі болуы керек. Зиянды өнімдердің мөлшерін барынша азайта білген абзал. Жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек тұтынған жөн, ет өнімдерін қуырмай, қайнатып, сорпа-су еткен жөн. Витаминдік кешендерді де ұмытпай, балаларға психикалық қысым жасамау керек», - дейді дәрігер. Тұмаудан қорғаудың сенімді әдісі - вакцинация. Ол тұмау вирустарына қарсы тұру жолында иммундық жүйені едәуір ынталандырады. Вакцина егілген кезде денеде қорғаныс антиденелері пайда болады, олар нақты вируспен кездескенде күшейіп, оны тез еңсереді. «Егер, мысалы, адам бірнеше жыл бойы жыл сайын вакцинация алса, онда оның иммунитеті үнемі сергек болады. Тұмауға қарсы маусымдық вакциналар өндірушілер жыл сайын ДДСҰ ұсынысы бойынша штамм құрамын өзгертеді, өйткені эпидемиялық маусымда тұмау вирусының әртүрлі штамдары айналады. Ауырған вакцинацияланған адамдар тұмауды жеңіл өткереді», - деп атап өтті Жанат Сатыбалдиева. inform.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар