Денсаулық
Көз жұмған 141 медицина қызметкерінің отбасына 1 млн теңгеден аударылды
- авторjambylinfo.kz
- 22 тамыз, 2020
- 217
Көз жұмған 141 медицина қызметкерінің отбасына 1 млн теңгеден аударылды
#KustoHelp және Үміт Позитив қорлары коронавирустан көз жұмған медицина қызметкерлерінің отбасыларына 1 млн теңгеден аударды.
Бұл туралы Аружан Саин Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
Аружан Саин қоры көмегімен біз Денсаулық Сақтау министрлігінен коронавирус пен пневмониядан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің саны туралы ресми мәліметтерді алдық. Жалпы 174 адам көз жұмған, оның ішінде 98 дәрігер, 40 орта буын медицина қызметкері, 14 санитар, Жедел жәрдем қызметінің 8 жүргізушісі, сондай-ақ әртүрлі 14 маман: фельдшер, лаборант және тағы басқалар, - делінген #KustoHelp қорының хабарламасында.
Аружан Саинның айтуынша, бұл адамдардың барлығы пандемиямен күресте алғы шепке шығып, індеттің негізгі соққысын өзіне қабылдаған жандар. Олар - Қазақстанның нағыз батырлары. Бціздің міндетіміз - қайтыс болғандарды ұмытпай, құрмет көрсету, сонымен қатар олардың отбасыларын да ұмытпау. Біз 141 медицина қызметкерінің отбасымен хабарласып, 10-14 тамыз аралығында әр отбасыға миллион теңгеден аудардық. Қалған 33 отбасымен жұмысты жалғастырып жатырмыз. Олар туралы нақты мәлімет жоқ немесе туыстары байланысқа шықпай жатыр. Біз қазақстандық кәсіпкерлерді және осы мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтарды қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсетуге шақырамыз. Оларға көмек пен қамқорлық керек. Олар көз жұмған жақындары біздің есімізде екенін сезінсе дейміз. Біз риза екенімізді тек сөз жүзінде ғана айта бермей, іспен дәлелдесек дейміз, - дейді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз