жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Лапароскопия көмегімен 67 жастағы тұрғын өлімнен құтқарылды

Лапароскопия көмегімен 67 жастағы тұрғын өлімнен құтқарылды
ашық дереккөзі
Лапароскопия көмегімен 67 жастағы тұрғын өлімнен құтқарылды
Меркі аудандық орталық ауруханасына 67 жастағы қария өт қалтасының түйіліп, аяқ астынан  жағдайын  қиындатқан ұстама шағымымен келіп түседі. Шұғыл түрде жасалған медициналық талдау-сараптау қорытындысы нәтижесінде өт қалтасының қабынуы  және жүректің ишемиялық ауруы анықталады. Дегенмен, уақыт создыруға болмайды. Аудандық орталық ауруханасыныңш хирургия бөлімінің дәрігерлері Ұлан Көктеубаев пен Ғалымжан Сабыров жедел ота жасауға шешім қабылдайды. Науқасқа лапароскопиялық холецистэктомиямен ота жасалынады. Лапароскопия - әртүрлі ауруларға  белгілі бір  нүктелік тесіктер арқылы кеспей, қан шығарылмай жасалатын  операциялық әдістердің бірі.  Кесудің әрқайсысының ұзындығы шамамен 1/2дюйм.  Осы тесік арқылы хирург лапароскоп құралын енгізеді. Құрылғының ұшында жұқа түтікшеге орналасқан бейнекамерасы бар. Онымен көру, әрі қарын кеңею үшін ішке көмірқышқыл газы жіберіледі. Нәтижесінде ағза мен тіндерді еркін көруге ыңғайлы кеңістік пайда болады. Қалған тесіктері арқылы  өт қабын алып тастау үшін басқа құралдар енгізіліп, кіндіктегі тесік арқылы өт қабы алынып тасталынады. Бүгінгі таңда абдоминальді хирургияда лапароскопия «алтын стандарт» деп танылды.Бұл әдістің атап өтетін артықшылықтарының бірі – өте жақсы косметикалық нәтиже: теріде тек қана кішкентай кесілген орын қалады.  Дәстүрлі отамен емдеуге қарағандаоңалту кезеңі әлдеқайда қысқа. Науқас бірінші күні-ақ жүре  бастайды, ал екінші күні оған сұйық тамақ ішуге рұқсат етіледі. Бұл әдіспен ота жасалған науқас үшінші күні ауруханадан шығарылады. Отадан кейін 10-14 күн шамасында  науқас дәстүрлі  өміріне көшуіне болады. Лапароскопиялық отаның ұзақтығы 1-2 сағат. Кейбір жағдайларданауқас хирургиялық  араласу жасалынған күні-ақүйінеге оралуына мүмкіндігі бар. Бүгінде пациенттің жағдайы жақсарып, үйіне шығарылды. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар