жексенбі, 30 маусым, 2024 17:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мобильдік топ 1 436 шақырту қабылдады

Мобильдік топ 1 436 шақырту қабылдады
ашық дереккөзі
Мобильдік топ 1 436 шақырту қабылдады

Байзақ ауданында «СОVID-19» инфекциясының алдын алу мақсатында, орталық аурухана қызметкерлерінен құралған 18 мобилдік топ жұмыстар атқаруда. Оның ішінде, 6 мобилдік топ Сарыкемер ауылында күнделікті таңғы сағат 8.00 - ден кешкі сағат 18.00-ге дейін үйге шақыру арқылы қызмет көрсетеді. Мобильдік топ үстіміздегі жылдың 9 шілдесі мен 10 тамызы аралығында аудан бойынша 1 436 шақырту қабылдады. Оның ішінде, Сарыкемер ауылы бойынша 392 шақырту тіркелген. Жалпы 1 436 шақыртудың ішінде 297-сі пневмония, ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекция - ОРВИ) белгісімен 676 адам, ауруханаға жатқызылғандар саны - 69, жалған шақыртылған 2 - адам. Орталық ауруханада тәулік бойы фильтр кабинеті қызмет көрсетуде. Бүгінгі күнге дейін 2 415 адам қабылданып, оның ішінде 45-інің жағдайы ауыр болғандықтан ауруханаға жатқызылса, қалғаны үй жағдайына емдерін алуда. Ағымдағы жылдың 2 шілдесі мен 10 тамызы аралығында пневмониядан 53 азамат қайтыс болды (Байзақ - 26, Тараз - 23, Жамбыл - 2, Шу - 1, Т.Рысқұлов – 1). Ағымдағы жылдың 14 шілдесінен бастап облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының №440-ө бұйрығымен мектептерде (Н.Ақшабаев, №2, Абай, Ақшолақ, Ю.Гагарин, А.Суханбаев о.м., Ғ.Мұратбаев гимназиясы, №1 мектеп - гимназиясы, №3 Байзақ колледжі) орналасқан медициналық кабинеттерде тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету және түсіндірме жұмысын жүргізу үшін медбикелер жұмысы қолға алынды. Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында, аудандық орталық ауруханаға 3 жеңіл, 2 жолаушы (2 газель), 1 жүк (1 борт газелі) көлігі және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына 1 жеңіл көлік бөлінсе, дәрігерлерді жатын орнынан қызмет орнына орталықтандырып, тасымалдау үшін демеушілер есебінен 1 дана «ПАЗ» автобусымен қамтамасыз етілді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар