дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 23:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Байзақтық кәсіпкерлерге 1 027 860 теңге айыппұл салынды

Байзақтық кәсіпкерлерге 1 027 860 теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Байзақтық кәсіпкерлерге 1 027 860 теңге айыппұл салынды

Байзақ ауданында объектілердің қызметін қайта бастауға дайындығын бағалауды жүргізу үшін аудан әкімі аппаратының жанынан 7 мониторингілеу топтары құрылған болатын. Мониторинг топтарының жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 694 нысан араланды, 28 жұмысы тоқтатылды, 38 нысанның кемшіліктері анықталып, ескерту берілді. Ағымдағы жылғы шілде айында тиісті санитарлық талаптарды орындамаған 24 нысан бойынша әкімшілікке хаттамалар толтырылып, жалпы сомасы 1 027 860 теңгеге 9 айыппұл салынды. Сондай-ақ, 7 кесім құзырлы орган қарауында жатыр. Атап айтсақ, «Талка», «Арайлым», «Фиркан-Бәйтерек» дүкендері және «Бәйтерек» дәмханасы карантиндік талаптарды сақтамағаны үшін жауапты тұлғаларына айыппұл салынды (айыппұл көлемі – 83 340 теңге). Сонымен қатар, шектеу шараларына қарамастан отбасылық шаралар өткізуіне байланысты Сарыкемер ауылының тұрғындары Адилхан Рахметова, Нуманбек Кудабаев, Омар Искаков және сеңкібайлық Нұрқазы Мархабатов айыппұл арқалады. Ал, көкталдық ЖК «Абдрахман» карантин режимі кезеңінде дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсіргені үшін 361 140 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар