Пациенттердің құқығын қорғайтын қызмет: нені білу керек
- авторСадуақас Айсұлу
- 1 шілде, 2025
- 902
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емхана мен аурухана жанында Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі (ПҚІСҚ) жұмыс істейтінін еске салады. Бұл қызмет – науқастардың шағымын тыңдап, медициналық көмек сапасына бақылау жүргізетін ішкі құрылым.
ПҚІСҚ қандай мәселелерді қарайды?
Учаскелік дәрігердің болмауы, қабылдауға кіре алмау
Үйге дәрігер шақырту мүмкін болмауы
Мамандардың кеңесіне жазыла алмау
Диагностика мен анализге жолдама бермеу
Дәрігер тарапынан дөрекілік немесе дұрыс ем тағайындалмауы
МӘМС мәртебесі немесе жарна төлеу мәселесі
Жалпы медициналық көмек сапасы
Көп жағдайда шағымдар дәл сол жерде шешіледі. Егер мәселе күрделі болса, азаматтар келесі сервистер арқылы Қорға жүгіне алады:
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
@SaqtandyryBot Telegram-боты
msqory.kz сайты
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 240 мыңнан астам бала оңалту көмегімен қамтылған
- авторМағжан Орынбасар
- 21 сәуір, 2026



