сенбі, 23 қараша, 2024 1:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сақтық шараларын сақтау шарт

Сақтық шараларын сақтау шарт
ашық дереккөзі
Сақтық шараларын сақтау шарт

Індеттің алдын алу, таралуына жол бермеу мақсатында мобильді топтардың жұмысы қарқын ала түсті. Жуырда Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Олжас Баққараевтың жетекшілігімен арнайы шұғыл топ кезекті рет рейдке шықты. Бектөбе ауылына барып, азық-түлік дүкендеріне бас сұқты. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, анықталған кемшіліктер бойынша ескерту жасады.

Алаңдатарлығы сол, сауда нысандарында белгіленген тәртіп толық сақталған деп айту қиын. Топ мүшелері аралаған дүкендердің кейбірінде қорғаныш заттары орнында емес, кейбірінде ішкі санитарлық тәртіп сақталмаған. Арасында бетпердесіз саудасын жүргізіп жатқан сатушы да, келуші де бар.

Сауда нысандарындағы бұл көріністі құп көрмеген Олжас Елебекұлы дүкен иелеріне, сатушыларға, келушілерге: «Елдегі жағдайды білесіздер. Сақтық шараларын сақтау шарт. Тәртіп-бәрімізге ортақ. Тәртіпке бағынбай, талапты орындамайтын азаматтарға айыппұл салынады. Денсаулығымыз үшін өзіміз жауапты болуымыз керек. Сақ жүруіміз қажет», – деді.

Рейд барысында дүкен иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ескерту жасалса, бетпердесіз жүрген бір келушіге хаттама толтырылды.

Күні кеше аранйы штаб рейд жұмыстарын жүргізді. Штаб құрамында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов, аудандық полиция бөлімі ӘПБ бастығы Өркен Сүйінбеков, аудан әкімінің бас инспекторы Тимур Тұрсынбеков, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Талғат Шынтасов және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Маханбет Рахымжанов болды. Олардың сауда нүктелері иелері мен қызметкерлеріне коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту жөніндегі кеңесті үздіксіз беріп келе жатқанына жеті ай болды. Кеңеске құлақ аспайтын кәсіпкерлердің кездесіп қалатыны өкінішті. Бұған тексерілген жеті нысанның төртеуінен талаптардың бұзылу дерегінің анықталуы себеп.

Жалпы рейд барысында санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау, қызметкерлерді бетперде, қолғаптар, антисептиктермен қамтамасыз ету, адамдардың дүкенге медициналық бетпердесіз кіруін болдырмау туралы айтылды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар