сенбі, 23 қараша, 2024 2:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шу ауданында емхана пайдалануға берілді

Шу ауданында емхана пайдалануға берілді
ашық дереккөзі
Шу ауданында емхана пайдалануға берілді

Бірнеше жылдан бері ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан «Ауыл – Ел бесігі» жобасы айналып бомлас аядай уақытта өзінің тиімділігін көрсетті. Жылдар бойы атқарылып жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі таңда елді мекендердің еңсесі тіктеліп, тамырына қайта қан жүгірді. Әрбір аудан орталығы, ауыл қарқынды құрылыс алаңына айналды десек, артық айтқандық емес, – деп хабарлайды Jambylinfo.

Мәселен жуырда Шу ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асқан орталық аудандық аурухана жанынан бой көтерген емхана құрылысы аяқталып, өңірдің тоқсан жылдық мерейтойына орай пайдалануға берілді. Заман талабына сай салынған нысан құны 261 миллион теңгені құрайды. Бұған дейін тұрғындар үшін аудандық орталық аурухана мен диагностикалық кеңес беретін емхананың қашықтығы сезілетін. Енді ол қиындықтар артта қалды.

Емхананың кеңес беру-диагностикалық бөлімінде эндокринолог, уролог, тіс дәрігері, хирург, кардиолог, тері-венеролог, жұқпалы аурулар кабинеті жұмыс жасайды. Аталған емхана соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталаған Сондай-ақ емхана басшысы келесі жылдан бастап цифрландырылған рентген аппаратының алынатынын жеткізіп отыр. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Нұржан Календеров пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қазақбай Байжұманұлы ақжарма тілектерін жеткізіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Тұрғындардың денсаулығы - мемлекеттің дамуы мен өркендеуінің арқауы. Сондықтан, елдің орта өмір сүру жасын ұзартуда ұлттың сауығуын қамтамасыз ететін тетіктерді жетілдіріп және енгізіп отыру қажет.

Мемлекет үшін ең басты құндылық – адамдардың өмірі мен денсаулығы. Экономикалық қиындықтың орнын уақыт өте келе толтырамыз, ал адамдардың өмірі мен денсаулығын ешқашан қайтара алмаймыз. Сол себепті барша жұртты коронавирус індетіне байланысты мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауға, қолдауға және тәртіп сақтауға шақырамын. Әр азамат өз денсаулығы үшін бірінші кезекте өзі жауапты. Аталарымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп тегін айтпаған, сол қанатты сөз қазіргі таңда өте өзекті, – деді өз сөзінде Нұржан Сәбитұлы.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар