Денсаулық
"Төрт жылда бір рет тойлайды". Қыстың ең ұзақ күнінде Қазақстанда 803 сәби дүниеге келді
- авторjambylinfo.kz
- 2 наурыз, 2024
- 874
2024 жылдың 29 ақпаны күні, яғни, Қазақстанда уақыт белдеуі ауысқан күні еліміз бойынша 803 бала туған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«29 ақпанда сағат он екіге (00.00) дейін Қазақстанда 803 сәби дүниеге келді, оның ішінде екі егіз бала, 392 ұл және 411 қыз бала бар», - деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, төрт жылда бір рет туған күн тойлайтын 118 бала Түркістан облысында, 81 нәресте Алматы қаласында және 79 сәби Астанада туған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз