сенбі, 23 қараша, 2024 9:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық дәрігерлер қала тұрғынының арамен кесіп алған қолын аман алып қалды

Тараздық дәрігерлер қала тұрғынының арамен кесіп алған қолын аман алып қалды
ашық дереккөзі
Тараздық дәрігерлер қала тұрғынының арамен кесіп алған қолын аман алып қалды

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сай, Тараз қалалық көп бейінді ауруханасының жарақат пунктіне 30 жастағы тұрғын қансырап, ауыр халде келіп түскен. Азамат циркулярлық арамен ағаш кесіп жатып, оқыстан қолы құрылғының астында қалып қойыпты. Салдарынан алақаны екіге бөлініп, түсіп қалған. Қасында ешкім болмаған соң, біраз уақыт есінен танып жатып көп қан жоғалтса керек. Абырой болғанда, сол маңнан өтіп бара жатқан танысы көріп, жедел жәрдем шақыртады. Қалалық көп бейінді ауруханасында оған шұғыл түрде 4 сағат бойы ота жасалып, нәтижесінде алақанның қалған жарты бөлігі мен саусақтары аман қалды.

Сәтін салып, ажалдан аман қалған азаматтың дәрігерлерге деген ризашылығы шексіз. «Ағаш кесіп жатып, араның тигенін және оң қолымның алақаны бөлініп түсіп қалғанын білемін. Басқасы есімде жоқ. Өзімді өлдіге санадым. Үмітім үзілген еді, бүгінде дәрігерлердің арқасында қайтадан өмірге деген құштарлығым оянды»,- дейді өзі.

«Қазір науқастың жүйке жүйесі қалпына келіп жатыр. Отаның нәтижесі жақсы болады деген үмітіміз арта бастады. Бәрі ойдағыдай болса, аяқ киімінің бауын байлап, қайта қасық ұстай алатын болады. Әдетте, мұндай жарақат кезінде дене мүшесін алып тастаудан басқа амал жоқ. Бірақ, науқастың уақыт оздырмай, бізге жеткізілгені - үлкен септігін тигізді. Осындай жарақаттардың көбі – болгарка арасын дұрыс пайдаланбаудан болып жатады. Ол теріні жыртып кетеді. Сондықтан, оны ұстағанда аса абай болған жөн»,- дейді жарақат пункінің меңгерушісі Олег Шайюнусов.

Жалпы, техниканы қолдану барысында қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан мұндай жағдайлар жиі орын алып тұрады. Техникалық құрал-саймандарды және электр қондырғыларын пайдаланған кезде қауіпсіздік қағидаларының сақталмауынан адамдар, көбіне, орны толмас өкінішті жағдайларға душар болып жатады. Сондықтан, сақтанған – сақ болатынын ұмытпаған жөн.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сауқтау басқармасының баспасөз қызметі

Жарияланған күні

19

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар