сейсенбі, 2 шілде, 2024 22:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздық дәрігерлер сырға жұтып қойған 3 жасар балаға сәтті ота жасады

Тараздық дәрігерлер сырға жұтып қойған 3 жасар балаға сәтті ота жасады
ашық дереккөзі
Тараздық дәрігерлер сырға жұтып қойған 3 жасар балаға сәтті ота жасады

Жақында облыстық көпбейінді балалар ауруханасына  ата-анасы бір сәтте шашалып, ауа жетпей, жағдайы қиындаған баланы алып келеді.  Тоқтаусыз құсып, әлсіреп, денесі құрғай бастаған бүлдіршінді   дәрігерлер рентгенге түсіріп, асқазанындағы бір кедергінің барын анықтап, соның әсерінен оның жағдайы қиындап жатқанын байқайды.  Хирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты балалар хирургы Эльбурс Салпагаров көп ойланбастан,  шұғыл эндоскопиялық отаны бастап кетеді. Анасының айтуынша, бала  үйінде ойнап отырып, жерден сырға тауып алып, жұтып қойған көрінеді.  Білікті де тәжірибелі дәрігер Э.Салпагаровтың шұғыл оперативтік әрекеті арқасында нәрестенің тамағындағы зат сәтті алынып, бала дұрыс демалып, мазасызданғаны лезде  басылады.

Эндоскопия – бұл шағын инвазиялық хирургия болып табылады, яғни қансыз ота деп аталады. Ол  2-3 күннің ішінде жазылып кетеді. Оның көмегімен операция   жасау кезінде адам ағзасындағы ішкі органдарды анық көруге болады.

«Бала ауруханаға ауыр жағдайда түсті. Ішкен асын кері қайтарып, әбден мазасы қашқан.  Бозарып, тамақ пен су іше алмағасын, денесі құрғап бастаған. Ата-анасының рұқсатын алып, ота шұғыл түрде жасалды. Сәтті аяқталды, баланың қазіргі жағдайы жақсы, тамақ пен сусын ішіп жатыр. Менің 30 жылға жуық жұмыс  тәжірибемде осыған ұқсас жағдайлар көп ұшырасады. Балалар ата-анасының бақылауынсыз қалса, қолына түскенін жұтып қояды. Көбіне тиын, пластикалық кішкентай ойыншық, жұлдызшалар және басқа ұсақ-түйек заттарды өңештен шығып жатады. Оларды дер кезінде алып тастамаса, өміріне қауіп төнеді», - дейді Э. Салпагаров.      Сәтті өткен отадан соң тез-ақ өзіне келген кішкентай пациенттің ата-анасы  баласының өмірін аман алып қалған дәрігерлерге алғысын жаудыруда.

Дәрігерлер ата-аналардан барынша сақ болып, балаларын қараусыз қалдырмай, оларға көбірек уақыт бөлуді және ұсақ заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою керектігін ескертеді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар