Денсаулық
Тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 12:03
- 50
Бұл антикордың ұсынысы бойынша жүзеге асады
Елімізде тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мысалы, Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталған.
- Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді. Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін «жалған рецептер» жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің «Әлеуметтік әмиян» қосымшасында QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді,- делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп жатыр. QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба пилоттық режимде іске қосылды және қорытындысы бойынша оны барлық республика бойынша масштабтау жоспарлануда.
- 2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. – 77,6 мың, 2024 ж. – 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 ж. – 707,6 мың рецепт, 2024 ж. - 682,4 мың рецепт). Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмектерді жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдейді,- деп хабарлады антикор.
Келесі мақала
7 баланың әкесі әйелін балғамен ұрып өлтірді
Ұқсас жаңалықтар
Денсаулық
"Ем алуда". БҚО-да 140-қа жуық бала пневмониямен ауырған
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024