жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трихобезоар диагнозы: 18 жастағы қызға Жамбылдық дәрігерлері күрделі ота жасады

Трихобезоар диагнозы: 18 жастағы қызға Жамбылдық дәрігерлері күрделі ота жасады
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының хирургтері науқастың асқазанынан трихобезоар — шаштан құралған тығыз түйінді сәтті алып тастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сирек кездесетін бұл диагноз дер кезінде қойылып, дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында хирургиялық жолмен жойылды.

Қабылдау бөліміне ішінің ауруына, созылмалы жүрек айнуына және тәбеттің жоғалуына шағымданған 18 жастағы қыз жеткізілген. Қарау барысында және іш қуысы ағзаларының УДЗ зерттеуінде асқазанда бөгде затқа тән белгілер анықталған. Диагноз – трихобезоар – гастроскопия мен компьютерлік томография нәтижесінде нақтыланды.

Трихобезоар — бұл трихотилломания деп аталатын психикалық бұзылысы бар адамдарда кездесетін, асқазанда жиналған шаштың тығыз массасы. Бұл дертке шалдыққандар шашты жұлып, оны жейтін әдетке ие болады. Шаш асқазанда қорытылмай, жиналып, көлемі ұлғайып, уақыт өте келе асқазан не ішектің бітелуіне, анемияға, ағзаның жалпы әлсіреуіне, ауыр жағдайларда асқазан қабырғасының тесіліп кетуіне себеп болуы мүмкін.

Науқасқа жалпы анестезиямен лапаротомия жасалып, асқазан қуысынан ұзындығы 30 сантиметрден асатын, асқазанның барлық дерлік көлемін алып жатқан тығыз шаш түйіні алынды.

Операцияны хирургия бөлімінің меңгерушісі Ержан Есимов жетекшілік еткен хирургтер бригадасы, анестезиолог, операциялық медбике және операциядан кейінгі бақылау тобы бірлесе жүргізген.

Дәрігерлердің айтуынша, ота сәтті өткен. Ешқандай асқыну тіркелмеген. Екінші күні науқас сұйық тағам іше бастаса, бесінші күні тиісті ұсыныстармен үйіне шығарылған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар