жұма, 22 қараша, 2024 23:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының  коронавирустың екінші толқынына дайындығын тексерді

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының  коронавирустың екінші толқынына дайындығын тексерді
ашық дереккөзі
Вице-премьер Ералы Тоғжанов Жамбыл облысының  коронавирустың екінші толқынына дайындығын тексерді

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация денсаулық сақтау мекемелерінде болып, коронавирустық инфекцияның ықтимал жаңа толқынына дайындығын тексерді.

Таразда вице-премьер қалалық 200 төсектік көпбейінді ауруханасының инфекциялық бөлігінде болды. Бұрынғы перинаталдық орталықтың ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, барлық заманауи стандарттарға сай келетін және медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген инфекциялық аурухана болып жабдықталған. Қазіргі таңда мұнда 200 медициналық көпфункционалды төсек, компьютерлік томограф, компьютерлік томограф, 20 ӨЖЖ, екі дефибриллятор, қандағы газдар мен электролиттерді анықтайтын автоматтандырылған анализатор, оттегі станциясы, 30 реанимациялық төсек сатып алынды.

- Науқасқа ӨЖЖ қажет болатын асқынулардың алдын алу және болдырмау қажет, - деп атап өтті вице-премьер медицина қызметкерлеріне қарата.

Сондай-ақ, вице-премьер облыстық көпбейінді аурухананың жанындағы «Қамқорлық» оңалту орталығына барды.

Орталық Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры әзірлеген «Қамқорлық» жобасы аясында ашылған. Жоба мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға бағытталған. Мұндағы балаларға кешенді түрде медициналық, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызметтер көрсетіледі.

Жергілікті бюджет есебінен ағымдағы жылы 70 миллион теңгеге ғимарат жөндеуден өтті. Медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға 1,1 миллиардқа жуық теңге  бағытталған.

Орталық ДЦП-мен ауыратын балаларға арналған арнайы велосипедтері бар автодром және бассейнмен жабдықталған. Науқастар иппотерапия қабылдайды. Швейцариялық «Lokomat» тренажерін сатып алынған.

Аурухана аумағында вице-премьер медициналық қызметкерлерге 18 заманауи реаномобиль кілттерін табыстады. Олар облыстық жедел жәрдем станциясының паркін толықтырды.

Жамбыл ауданында Ералы Тоғжанов медициналық  бұйымдарды ірі жеткізушілерінің бірі болып саналатын "Super-pharm" ЖШС-нің  зауытына барды. Зауыт үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында 2011 жылы пайдалануға берілген. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына шамамен 200 миллион медициналық мақсаттағы бұйым шығаруға қауқарлы.

Өндіріс орнында 480 адам жұмыс істейді. Жыл соңына дейін жұмысшылар санын 600-ге дейін арттыру жоспарлануда. Кәсіпорын бір реттік маскалар, бір реттік төсек-орын жапқыш-жиынтықтары,  бахилалар, комбинезондар, бас киімдер, операциялық халаттары  секілді барлығы 300-ге жуық бұйым түрін шығарады.

Лейкопластырь, пластырь, спирттік сүлгілер және басқа да өнімдер шығаратын зауыттың екінші кезеңі аяқталған. Келесі жылы серіктестік бір реттік, инсулин және туберкулин шприцтерін шығаруды бастамақ.

Ералы Тоғжанов операциядан кейінгі таңғыштар, операцияға арналған жиынтықтар, бір реттік маскалар, лейкопластырьлер, термопластика және құрастыру цехтарын аралап көрді.

Вице-премьер Үкімет ағымдағы мәселелерді шешу үшін отандық кәсіпорынға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін баса айтты.

Сондай-ақ, Ералы Тоғжанов "Әмір және Д" ЖШС қоймалары қамтылған фармацевтикалық мақсаттағы өндірістік кешен құрылысымен танысты. Мұнда экспресс-тесттер мен медициналық бұйымдар шығарылатын болады. Жылына 15 миллион экспресс-тест, 1,5 миллион бақылау ерітіндісі және 50 мыңға жуық зарарсыздандыру орамасын шығару жоспарлануда.

Ералы Тоғжанов өндіріс желісін, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қоймасын аралап, серіктестіктің жұмысын жоғары бағалады.

Үкімет басшысының орынбасары дәрігерлерге жанқиярлық еңбегі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысы коронавирусқа қарсы іс-қимыл бойынша Үкімет пен дәрігерлердің алдына нақты міндеттер қойғанын атап өтті.

- Біздің міндетіміз - барлық осы тапсырмаларды орындау. Бұл үшін дәрі-дәрмектердің екі айлық қоры қалыптасты, денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Жамбыл облысының шалғай елді мекендерін сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін сегіз мобильді кешен алынды, жедел жәрдем станциясының автопаркі жаңартылуда. Мұның бәрі қажетті көмекті дер кезінде көрсетуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Жұмыс сапарының қорытындысы облыстық әкімдіктегі бейне-байланыс арқылы өткен кеңесте сараланды. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев өңірде мемлекеттік бағдарламалар сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ел Президентінің әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауда.

- Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Медициналық мекемелер коронавирустың ықтимал екінші толқынына дайындалуда. Атап айтсақ, медициналық құрал-жабдықтар сатып алынуда. Дәрі-дәрмек қоры қалыптасты. Қауіпті вируспен күресуге қосымша дәрігерлер тартылады. Мобильді топтардың қызметі жандана түсуде, - деп атап өтті облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты мәселелерді атап өтті. Ералы Тоғжанов олардың барлығы қарастырылатынына сендірді.

- Әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері жаман емес. Жүргізілген профилактикалық шаралардың нәтижесінде COVID-19 аурушандығы төмендеді. Біз осы қарқынмен жұмыс істеуді жалғастыруымыз керек, - деп қорытындылады Ералы Тоғжанов.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар