жұма, 5 шілде, 2024 1:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жанарсыз да жарық дүние

Жанарсыз да жарық дүние
ашық дереккөзі
Жанарсыз да жарық дүние

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы жыл бойы зағип, көз жанарынан айырылған жандарды қоғамдық ортаға тартып, ортада өздерін еркін ұстауға, өзін-өзі дамыту мен нығайтуға және жан дүниелерін музыка арқылы емдеу, өнеріне қызығушылықтарын арттыру, еліміздің музыка саласында еңбегі сіңген қайраткерлерді ұлықтап, әндерін насихаттау мақсатында «Оқырман караокесін» өткізді. Караокеге «Қазақ соқырлар қоғамы» мүшелері, кітапхананың тұрақты оқырмандары I топ көз мүгедектері қатысты. Жыл аяғында «Оқырман караокесі» аясында «Жанарсыз да жарық дүние» атты байқау өткізілді. Байқауға жыл бойы атсалысып келген мүмкіндігі шектеулі жандардың ән орындау шеберлігі шындалатын сәт жетті. Әр кезеңнің орындалу деңгейін сараптай келе, қазылар алқасы жүзден жүйрік шыққан орындаушыларды анықтаса, сонымен бірге әлеуметтік желілерге орындаған әндері жүктеліп, онлайн оқырмандар өз әншісін бағалады. Нәтижесінде I орынды Тұрсынбек Айсұлу, II орынды Мұханбетов Еркін, III орынды Пірманов Махмұд иеленіп, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай – ақ Ақпаев Нұрсұлтан, Оңғарбаева Қолқанат, Шадырқұлова Сағынкүл, Утеулов Ануарбекке байқауға қатысқаны үшін «Алғыс хат» пен ынталандыру сыйлықтары берілді. Іс-шараны кітапхана директоры Ж.Алшынбаева қорытындылап, қатысушыларға алғыс білдірді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар