Жамбылда инфекциялық станционардан 4 149 адам сауығып шықты
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2020
- 233
Жамбыл облысында инфекциялық станционардан 4149 адам сауығып шықты. Әзірге аурудың тәуліктік жұқтыру өсімі бұрынғысынша. Яғни бұған дейін тәулігіне 10 адам КВИ жұқтырса әзірге сол көрсеткіш қайталануда. Бұл туралы ӨКҚ алаңына шақырылған Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Аймақтың бас дәрігері алдымен эпидемиологиялық жағдай және коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық барысына тоқталды. Сала басшысының сөзінше өңірде өткен тәулікте 4324 жағдай тіркеліп, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 373,9 құраған. Ал, пневмонияның – 172 жағдайы тіркелген. Тіркелген жағдайлардың ішінде 1908 науқас (44,1%) симптоммен, 2416 науқас (55,9%) симптомсыз.
Жұқпамен күресте жергілікті бюджеттің бөлген қаржысы да қомақты. Көп көмек, қалың қолдау болып отыр. Медициналық мақсаттағы құрал-жабдықтарды бұйымдарды алуға 1,6 млрд теңге бөлінген. Оған 2 экстрокорпаралды мембранды оксигенация аппараты, 100 көп функциональды кереует, 14 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты, 3 КТ аппараты, 3 КЩС аппарат, 4 цифрлық рентгенаппараты, 4 оттегі станциясы және т.б. меджабдықтар алынуда. Сондай-ақ, Республикалық бюджеттен Жамбыл облысына жедел жәрдем стансасына 66 бірлік жедел жәрдем көліктері лизинг бойынша берілген. 53 бірлік өкпені жасанды желдету аппараты, 8 жылжымалы медициналық кешен алыныпты. Басқарма басшысы медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамту жайына да тоқталды. Бүгінде өңірдегі 78 медициналық ұйымға 6 млрд.теңге сомасына дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілген. Ал, медициналық ұйымдар бойынша айтар болсақ, олардың 34-і басқармаға қарайды. 35-і жеке меншік, қалған 9-ы әскери медициналық ұйымдар. Аталған 6 млрд теңгенің ішінде 1,1 млрд теңгесі КВИ инфекциясын емдеуге, алдын алуға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға алуға арналған.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз