Жүрек неге қатерлі ісікке сирек шалдығады: жаңа зерттеу не дейді?
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 08:40
- 170
Ғалымдар жүрек қатерлі ісігінің неге өте сирек кездесетінін түсіндіретін жаңа болжам ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, жүректің үнемі соғып, жиырылып тұруы ісік жасушаларының дамуына кедергі келтіруі мүмкін.
Италияның Триест қаласындағы Халықаралық гендік инженерия орталығының (ICGEB) зерттеушісі Серена Заккинья бастаған топ осы құбылысты тәжірибе арқылы тексерген. Олар тышқандарға екінші жүрек трансплантациялап, оның бірін қалыпты жұмыс істейтін, ал екіншісін тек қанмен қамтамасыз етілетін, бірақ соқпайтын күйде қалдырған. Кейін ағзаға ісік жасушалары енгізілген.
Нәтижесінде қызық жағдай байқалған: соқпай тұрған жүрек толықтай ісікке ұшыраса, ал қалыпты жұмыс істеп тұрған жүректе ісік дамымаған. Бұл жүректің механикалық қозғалысы ісік жасушаларына қолайсыз орта қалыптастыратынын көрсетеді.
Ғалымдар әрі қарай зерттеу жүргізіп, ісік жасушаларына қандай механикалық әсер көбірек ықпал ететінін анықтаған. Тәжірибелер көрсеткендей, шешуші рөлді созылу емес, дәл қысым атқарады. Яғни, жүрек соққан сайын пайда болатын қысым ісік жасушаларының өсуін тежейді.
Дегенмен, бұл жаңалықты қатерлі ісікті емдеуде қолдану әзірге нақты дәлелденген жоқ. Сарапшылардың айтуынша, болашақта ісікке механикалық қысым түсіру әдісі, әсіресе дененің сыртқы бөліктеріндегі ісіктерді емдеуде тиімді болуы мүмкін.
Бұл зерттеу адам ағзасындағы табиғи қорғаныс механизмдерін тереңірек түсінуге жол ашып, онкология саласында жаңа бағыттардың пайда болуына ықпал етуі ықтимал.
Шортандыда із-түзсіз кеткен азамат аман-есен табылды
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 240 мыңнан астам бала оңалту көмегімен қамтылған
- авторМағжан Орынбасар
- 21 сәуір, 2026





