бейсенбі, 10 шілде, 2025 19:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда бір донор бірнеше адамға өмір сыйлады: күрделі трансплантация сәтті өтті

Жамбылда бір донор бірнеше адамға өмір сыйлады: күрделі трансплантация сәтті өтті
Денсаулық сақтау министрлігі
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысында қайтыс болғаннан кейінгі донордан бірнеше ағзаны алу бойынша күрделі операция сәтті жүзеге асты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Операцияны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің трансплантаттауды үйлестіру орталығы, Жамбыл көпбейінді облыстық ауруханасы, сондай-ақ Астана, Шымкент қалаларынан келген жетекші клиникалар мен медициналық авиация мамандары бірлесіп атқарды.

Бірегей операцияға «Ұлттық ғылыми онкология орталығы (NROC)» ЖШС, University Medical Center жүрек орталығының, Шымкент қаласының жүрек орталығының командалары, сондай-ақ Астана қаласының медициналық авиация мамандары қатысты. Барлық қатысушылардың біліктілігі мен өзара іс-қимылының жоғары деңгейінің арқасында трансплантаттау қысқа мерзімде мүмкін болды.

Донор – 1976 жылы туған Жамбыл облысының тұрғыны. Ол ми қан айналымының ауыр бұзылысы салдарынан есін жимастан қайтыс болған. Дәрігерлердің күресінен кейін мидың өлімі тіркеліп, марқұмның отбасы маңызды шешім қабылдап, ағзаларын мұқтаж жандарға беруге келісімін берген.

Донордан алынған жүрек, бауыр және бүйректер науқастарға жаңа өмір сыйлады:

– Жүрек – Шымкент қаласындағы жас пациентке;

– Бауыр мен бүйрек – Астанаға жіберіліп, кезекте тұрған науқастарға трансплантацияланды.

Бұл көп ағзалық трансплантация – жоғары кәсіби дайындықты, жедел іс-қимылды және мекемелер арасындағы мықты үйлестіруді қажет ететін ерекше операция.

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар